Дидар Қамиев – Ата ананың қадірі, Майлықожа.

Исполнитель: Дидар Қамиев
Название: Ата ананың қадірі, Майлықожа.

Текст песни

Опубликовано: Артур Ефремов

Ал атаның қадірін айтайын,
Ананың қадірін айтайын,
Балаға деген ықыласын
Санаға салып байқайын.
Туғаныңда қуанған,
Дүние-малын бұланған
Аман болса балам деп,
Алладан медет сұранған.
Жәрдеміңе-ай жараған,
Қабағыңа қараған
Жолаушы болып-ой кеткенде,
Сағынып келген даладан
Мінасып атқай міндірген,
Жарасар киім кидірген
Қарыны ашар деп кәбап боп,
Қасыңа тамақ үйдірген.
Ыйығына міндірген,
Жерге қимай қоярға
Етегіне сидірген. 62 тамырын
Әуелден Құдай идірген
Мектепке беріп-ей жасыңда
Танытып құбыла білдірген
Жыласаң көңілі жүдеген
Қуансаң тасып үдеген
Көрігіңе көңілі өсіп
Алладан өмір тілеген
Әкеңдей құбыла қамқорың
Табылмас мынау дүниеден
Мейірбаның-ей жан әке
Әкең де өлмес болсайшы-ай
Қасірет болып көңілге
Қапада келмес болсайшы-ай
Ал әкенің қадірін ұл мен қыз
Тірі де кезде білсейші-ай
А-а-а-а-хееееееееуууу,
Ай, тоғыз ай, он күн көтерген,
Миемәт тартқан түтінін
Еңбегіңде-ей ет өлген
Зиярат қылып сиынсаң
Кем емес құбыла Меккеңнен
Қадірін оның білмесең
Қызметінде жүрмесең
Арам, залым болғаның
Ұрғаны Құдай жетеңнен
Жақсылық қылған пірің-ай
Жамандық қылсаң тіріде
Жазаңды Алла тарқызар
Орын жоқ Жәннәт мекеннен
Ай, аузыңа ақ сүт емізген
Шайнап тамақ жегізген
Осы бір жарық дүниеге
Себепкер болып келгізген
Құйрық шайнап-ай май берген
Құндақтап жерге жай берген
Оның қылған қызметін
Күн менен жұлдыз, ай көрген
Анаңдай ғазиз меірбан
Табылар саған қай жерден!
Ыңылдап даусың шыққанда
Шықпаған жырақ қасыңнан
Күйзеліп жаны ашыған
Ай қараңғыда жыласаң
Таныған көрмей даусыңнан
Мейіріңді суға қандырған
Меһербан бар ма осыдан
Алла, Пайғамбардан соң
Күллі жақын-ай досыңнан
Қияметке кеткенше
Өлшеулі өмір өткенше
Көбелектей айналып
Пәруана болған басыңнан
Ай, ақ етегін сарылтқан
Ерніңе емшек дарытқан
Қарныңа қорек барылтқан
Беліңнен батып былғансаң
Жеркенбей жуып арылтқан
Мұздайда бесік таянған
Жыласаң шошып оянған
Анаңдай қамқор бар ма екен
Жаныңа жақын саяңнан
Оның қызмет ісінен
Не болар жанын аянған
Аязды күні айналып
Бұлтты күні бұрылған
Жас нәресте күніңде
Қайырылып келген қырыңнан
Ай ыстық күнін суыққа перзенті үшін ұрынған
Дүнияда Құдай жаратқан меһербан қылып бұрыннан
Тар құрсағын кеңіткен
Тас емшегін жібіткен
Ыңылдап жатып ауырсаң
Жарым жасын кеміткен
Айналайын-ай дегені
Жан жүйеңді еріткен
Бұл бұыйпа жалғанда
Анаң да өлмес болсайшы-ай
Анасы кетіп қасіретін
Бала да көрмес болсайшы-ай
Шер жүрек болып арты
[ Показать весь текст ]
Поделись текстом в соц сетях:

Подпишись на нашу группу

и слушай классную музыку каждый день
Права на тексты песен, а также их переводы принадлежат их авторам. Все тексты и их переводы представлены исключительно для ознакомления.