Нұржан Төлендиев – Биік таулар (Терме)

Исполнитель: Нұржан Төлендиев
Название: Биік таулар (Терме)

Текст песни

Опубликовано: Алекс Паратов

Құйрығы жоқ, жалы жоқ - құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ - жылан қайтіп күн көрер?!
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаңаяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер?!

Биік таулар бойшаңмын деп шірінбе,
Күнің жетсе сен де бір құз боларсың.
Терең теңіз тәкаппарсып түнерме,
Суың кетсе сен де бір шөл боларсың.

Ұлықпандай тапсаң дерттің дауасын,
Рүстемдей жыртсаң жаудың жағасын.
Ескендірдей алсаң да әлем қаласын,
Бәрібір сен жермен жексен боларсың.

Тыңдаған жұрт үлгі тұтса сөзімді,
Менменсімей төмен ұста өзіңді.
Надан көрсең қараңғы көр боларсың,
Дана көрсең күндей ашар көзіңді.
[ Показать весь текст ]
Поделись текстом в соц сетях:

Подпишись на нашу группу

и слушай классную музыку каждый день
Права на тексты песен, а также их переводы принадлежат их авторам. Все тексты и их переводы представлены исключительно для ознакомления.