QARAKESEK X KAIRAT – Уақыт бар | #LRap

Исполнитель: QARAKESEK X KAIRAT
Название: Уақыт бар | #LRap

Текст песни

Опубликовано: Татьяна Дьяченко

Қиналуға уақыт қалай таптың,
Қайта қайтаруға неге тырысасың?
Ешқашан ақпаған жасың қалай ақты,
Түсінбейм сені, кіммен жарысасың?
Сені бақытты етем деген жандар қайда,
Сені ойламай ма, сені сағынбай ма?
Олармен өткізген түн, шамдар қайда,
Бәрі сөнді ме, олар, не, алданбай ма?
Қинайды әлі талай-талай таңдар,
Бұған айыпты өзің, алдың соны таңдап.
Жүрегіңмен ешкім қинамады,
Өткен өмірің шашылып жатыр, ешкім жинамады.
Өзің жинап ал маған қарамай,
Мен сені және өткен күндерімді қаламайм.
Мені ұмыт, мен сені ұмыттым,
Ризамын Тәңіріме, жүректі жылытты.

Қ-сы: (х2)
Арайланып атса таңдарың, шүкiр де,
Бағаланбай дайынсың ба өтуге?
Ешкiм бара алмады сенiмен бақытқа,
Ойлан, жаным, әлі уақыт бар.

Жолдарым бөлінді, қолдарым бөлінді,
Жүрегім бөлінді, бәрінен түңілдім.
Ал енді бүгінгі өзіңсіз күнімді кімге арнайм?
Кешір, кетіп қалдым, сені іздеп келер едім,
Барлығын ұмытып, қайта жүректі берер едім.
Амалым жоқ бірақ менде қолданар,
Сол үшін тағдырыммен қарсыласпай ере бердім.
Қош бол, жаным, қолдарың керек емес,
Қош бол, бағым, сендей адам серік емес.
Көзіңнің тамшылаған әр жасыңа кім кінәлі,
Сен мені кінәлама, кінәлі түннің бәрі.
(Сен мені кінәлама, кінәлі түннің бәрі.)
Түннің бәрі, түннің бәрі...
(Сен мені кінәлама, кінәлі түннің бәрі.)
Түннің бәрі, түннің бәрі...

Қ-сы: (х3)
Арайланып атса таңдарың, шүкiр де,
Бағаланбай дайынсың ба өтуге?
Ешкiм бара алмады сенiмен бақытқа,
Ойлан, жаным, әлі уақыт бар.

Уақыт бар!
[ Показать весь текст ]
Поделись текстом в соц сетях:

Подпишись на нашу группу

и слушай классную музыку каждый день
Права на тексты песен, а также их переводы принадлежат их авторам. Все тексты и их переводы представлены исключительно для ознакомления.